Үлкееен Той!

20.08 – 23.09
Науқан мерзімі

Науқан: «Үлкееен Той! Сатып ал да, ұтып ал!»

Өткізу мерзімі: 20.08.2026–23.09.2026

Науқанның өткізілу аумағы: Науқан TOIMART сауда желісінің бөлшек саудадағы сатып алушылары арасында 2026 жылғы 20 тамыз сағат 07:00-ден 2026 жылғы 23 қыркүйек сағат 23:00-ге дейін өткізіледі. Жеңілдікті (ұтыс жеңілдігі бар картаны) 30.09.2026ж. дейін пайдалануға болады.

Қалай қатысуға болады?

  1. Кез келген TOIMART супермаркетінен 5 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасаңыз (науқан оптомаркеттердің, шоурумдардың және клиенттік бөлімдердің сатып алушыларына, сондай-ақ өөзіне-өзі қызмет көрсету кассаларын және жеткізу қызметтерін пайдаланатын сатып алушыларға қолданылмайды)

  2. Скретч-карта алыңыз.

    Сатып алу сомасына қарамастан, бір чекке 1 скретч-карта беріледі (яғни, 5 000 тг сомаға чек = 1 карта, 10 000 тг сомаға чек = 1 карта).

  3. Қорғаныш қабатын өшіріп, жүлдеңізді біліңіз!

    Қорғаныш қабатының астында келесі номиналдардың біріне келесі жолы сауда жасауға арналған жеңілдік түріндегі сыйлық болуы мүмкін: 300 ₸ • 500 ₸ • 700 ₸ • 1 000 ₸ • 2 000 ₸ • 5 000 ₸ • 10 000 ₸ • 20 000 ₸ • 50 000 ₸ • 100 000 ₸ немесе «Сәттілік алда!» деген жазу орналасуы мүмкін.

Ұтыс болған жағдайда қорғаныш қабатының астында жеңілдіктің атауы мен жолы сауда жасау кезінде жеңілдікті қолдану үшін кассирге ұсынылатын штрих-код орналасады. Мұндай карта ұтысты болып табылады.

Егер қорғаныш қабатының астында «Сәттілік алда!» деген жазу болса, карта ұтыссыз болып есептеледі.

Ұтысты қалай пайдалануға болады?

  • Келесі жолы сауда жасау кезінде штрих-коды бар ұтыс картасын кассирге көрсетіңіз.

  • Жеңілдікті 30.09.2026ж. қоса алғанда пайдалануға болады.

  • Бір чекке тек бір ұтыс картасы қолданылады.

  • Купонды қолданған кезде тауардың түпкілікті құны ұсынылған бөлшек сауда бағасынан (ҰББ) төмен болмауы тиіс.

  • Купон қолданылғаннан кейін жеңілдік барлық тауар позицияларына тең бөлінеді. Жеңілдік қолданылғаннан кейін чекте көрсетілетін тауардың ең төменгі құны 1 ₸ құрайды.

Жүлде қорының жалпы сомасы – 10 000 000 теңге.

Науқан ұйымдастырушы:

«TOIMART» ЖШС, Заңды мекенжайы: 050009, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 4-үй, Тел.: 8 (727) 224 03 13, ресми сайт: www.toimart.kz

Жүлделер саны шектеулі. Ұйымдастырушы toimart.kz ресми сайтында ақпаратты жариялау арқылы сатып алушыларға хабарлай отырып, науқанды өткізу кезеңінде жүлделер санын, қатысу ережелерін және науқанды өткізу мерзімдерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Науқанға қатысу автоматты түрде қатысушының науқанның толық ережелерімен танысқандығын және келісетіндігін білдіреді.

Басқа науқандар