Меншікті өндіріс

Біз өз тұтынушыларымызға сүйіспеншілікпен жасайтын сапалы әрі дәмді өнімдерді шығаруды мақтан тұтамыз. Біздің наубайхана 1400 шаршы метр аумақта орналасқан және үш цехтан тұрады: наубайханалық, кондитерлік және аспаздық өнімдер цехы. Осы цехтардың әрқайсысында біз бірегей және қайталанбас тағамдарды даярлау үшін тек ең жақсы ингредиенттерді пайдаланамыз.

Кухня Даринан

Наубайханалық цех

Нан мен тоқаштардан бастап, тәтті және тұзды бәліштерге дейін балғын жаңа піскен нан өнімдерінің кең таңдауын ұсынады. Біздің маңызды басымдылығымыз – жаңа піскен нан өнімдерінің балғындығын сақтау болып табылады, сондықтан біз оны күнде пісіреміз.


Кондитерлік цех

Бұл біздің мақтанышымыз әрі қуанышымыз. Біз тәттілерімізді жасау үшін тек ең жақсы ингредиенттерді қолданамыз. Дәстүрлі тәтті нандардан бастап жеке тапсырыстарға дейін – біз кез-келген талғамды қанағаттандыра аламыз.


Аспаздық өнімдер цехы

Бұл біздің мамандандыруымыз. Біз дайын тағамдардың кең ассортиментін, соның ішінде, сорпалар, салаттар, тіскебасарлар, ыстық тағамдар және көптеген басқа тағамдарды ұсынамыз. Біздің өніміміздің барлығы балғындық пен қайталанбас дәм сақтау үшін өз орнында дайындалады.