Toimart басты мерекелердің бірі – жаңару мен келісім мерекесі Наурыз мейрамын тойлады.

Дәстүр бойынша жыл сайын «Toimart» сауда желісі табиғаттың оянғанын, жаңаруын және компанияның жаңа өмір циклінің басталуын білдіретін әсем де қасиетті мерекелердің бірі – Наурыз мейрамын өз қызметкерлеріне ерекше ілтипат пен қамқорлық білдіре отырып, бірге атап өтеді.

Биылғы жылы да мереке ерекше мәнге ие болып, жыл сайын маңыздылығын арттыра түсуде: компания басшылығының құттықтаулары, қызметкерлерді құрметтеу, Қыдыр атаның батасы, дәстүрлі байқаулар, ұлттық музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі, жайлы этникалық аймақтар, әдемі безендірулер, ұлттық ою-өрнектер – осының бәрі мереке атмосферасына бөледі.

Барлық қонақтар үшін мазмұнды мерекелік бағдарлама әзірленді: танымал «Кальмар ойыны» телехикаясының стильдендірілген ойындары бойынша тимбилдинг, ұлттық тағамдарды дайындаудан жарыстар, көңілді викториналар, қызықты сайыстар және Айтыскерлер бәсекесі. Бұл күні жиналғандардың барлығы мерекенің иесі – серіктестіктің негізін қалаушы Светлана Мұқашқызы Қырықбаеваның арнайы рецепті бойынша дайындалған ұлттық тағам – Наурыз-көжеден және дәстүрлі тағамдар бауырсақ пен палаудан дәм татты.

– Наурыз – жақындарды біріктіретін мереке. Сұлулықты қарапайым нәрселерден көруге үйретеді: жылы сөзден, қонақжайлықтан, бірге шәй ішуден және жақсы істерден. Toimart компаниясының басшылығы осы күнді жаңа бастамалардың, жеке жеңістер мен жақсы жаңалықтардың бастауы болсын деп атап өтті.